You can edit almost every page by Creating an account and confirming your email.

ALPHA

From EverybodyWiki Bios & Wiki


ALPHA – 2021-ші жылдың 29 қазанында TEN Label ұйымының астында “Seni oilai” атты әнімен дебют жасаған 5-адамдық қазақстандық Q-pop бойзбэнд. Топ мүшелері: A.Boo (Абулхайыр Мадеш), Dark (Дарын Амангелді), I (Ақжол Серікжанұлы), N.B (Нұрлыбек Хамит), Qozzy (Тлеужан Уалиев). Топ продюсері – Жансая Советжан.

Топтың тарихы

Топ мүшелері JUZ Entertainment ұйымдастырған Project-X атты жобасында қатысқанымен, финалдағы DNA тобының құрамына кірмеді. Кейін JUZ Entertainment агенттігінің астында тағылымдамадан өтіп, TEN Label компаниясының астында дебют алды.

Шығармашылығы

2021-ші жылдың 31 қыркүйегінде топтың пре-дебют әні “Cypher” жарық көрді. 2021-ші жылдың 29 қазанында топ “Seni oilai” әнімен дебют жасады. 2022-ші жылдың 6 сәуірінде “Seni oilai”, “QUPIYA”, “OSTIN BA?” және т.б. атты әндерден тұратын “-18” дебют альбомы шығарылды. “QŪMYRSQA”, “MWAHABBAT”, “TOQTA”, “DAU”, “SÓZ BERE ALMAIM”, “KOZDER”, “QYS” әндерінен тұратын “HIT” атты екінші толыққанды альбомдары 2022-ші жылдың 27 желтоқсанында жарық көрді.

Қазіргі таңда 13 бейнебаян және олардың түсірілу процесі жайлы видеолар, өзіндік реалити-шоу сынды “ALPHABET” атты бағдарламасының 9 видеосы шықты. Топ мүшелері өз әндерінің мелодиясы мен өлеңін жазуда белсенді атсалысады. Бойзбэнд “OSTIN BA?” атты әндерінің акустикалық нұсқасын шығарған кезден бастап көпшіліктің назарын аударта бастады.

Топ құрамы

  1. A.Boo (вокалист)
  2. Dark (рэппер)
  3. I (вокалист)
  4. N.B (вокалист)
  5. Qozzy (рэппер)

Дискография

Альбомдары

  • “-18”
  • “HIT”

Жетістіктері

ALPHA тобы – Q-pop субмәдениетінің жаңғыртушылары. Тек Ninety One бауырлары ғана емес, сонымен қатар шынайы музыканттар, композиторлар және заманауи жастарға жақын әртістер екендігін айқын көрсете білді.

Топ мүшелері

A.Boo

Абулхайыр Мадеш – топ вокалисті және үлкені. 2001 жылдың 25 ақпанында Қазақстанның Алматы қаласында дүниеге келді. JUZ Entertainment ұйымдастырған Project-X атты жобасының қатысушысы. Қазақ тілінен басқа орыс тілін жетік біледі.

Dark

Дарын Амангелді – топ рэппері. 2002 жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстанның Алматы қаласында дүниеге келді. JUZ Entertainment ұйымдастырған Project-X атты жобасының қатысушысы. Қазақ тілінен басқа орыс және жапон тілдерін жетік біледі.

I

Ақжол Серікжанұлы – топ вокалисті. 2002 жылдың 13 мамырында Қытай Халық Республикасында дүниеге келді. JUZ Entertainment ұйымдастырған Project-X атты жобасының қатысушысы. Қазақ тілінен басқа мандарин, ағылшын тілдерін жетік түрде және орыс тілін біледі.

N.B

Нұрлыбек Хамит – топ вокалисті. 2003 жылдың 8 сәуірінде Қазақстанның Жезқазған қаласында дүниеге келді. JUZ Entertainment ұйымдастырған Project-X атты жобасының қатысушысы. Қазақ тілінен басқа орыс тілін жетік біледі. Пианино және домбыра аспаптарында ойнай алады.

Qozzy

Тлеужан Уалиев – топ рэппері және кенжесі. 2002 жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстанның Алматы қаласында дүниеге келді. JUZ Entertainment ұйымдастырған Project-X атты жобасының қатысушысы. Қазақ тілінен басқа орыс тілін жетік біледі.

Дереккөздер

Сілтемелер

References


This article "ALPHA" is from Wikipedia. The list of its authors can be seen in its historical and/or the page Edithistory:ALPHA. Articles copied from Draft Namespace on Wikipedia could be seen on the Draft Namespace of Wikipedia and not main one.